Алматы облысында жалданып жұмыс істеп жүрген жігітті өлтіріп кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Балқаш ауданына қарасты қыстақтардың бірінен жас жігіттің өлі денесі табылды. Мерт болған азамат жүрек тұсынан пышақ жарақатын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тергеу барысында көз жұмған жігіттің қыстақта малшы болып жұмыс істегені белгілі болды. Ол 26 жастағы  Іле ауданының тұрғыны екен.

Бірнеше сағаттың ішінде күдікті де  анықталып, қолға түсті. Қазір Балқаш ауданының 57 жастағы жергілікті тұрғыны адам өлтіру фактісі бойынша тергеліп жатыр.

«Күдікті қашпаған. Ол түсініктемесінде жігітті қасақана өлтірмегенін айтқан. Сөзінше, танысымен ішімдік ішіп отырып, жанжалдасып қалған. Оқиға кісі өлімімен аяқталған», - деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Күдіктінің үстінен ҚР ҚК 99-бабы бойынша іс қозғалды. Аталған факті бойынша тергеу жалғасуда. 57 жастағы ер адам қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар