Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 17 °С
Алматы: 10 °С
USD 327.42 EUR 383.51
RUB 5.29 CNY 51.26
Жаңалықтар

Алматы облысында зейнеткерді қаққан көлік жүргізушісі ұсталды

2018 жылғы 12 қаңтар 01:29 1516
Бөлісіңіз:
Алматы облысында зейнеткерді қаққан көлік жүргізушісі ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Алматы облысында зейнеткерді көлігімен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды. Қазір 30 жастағы ер адамның  үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда Газель арыққа түсіп кетті Алматы облысында зейнеткерді қағып өлтірген жүргізуші ұсталды

Оқиға  9 қаңтар күні «Алматы-Талғар» тас жолының 11-ші шақырымында болған. 66 жастағы азаматты көлік қағып, қашып кеткен. Зардап шеккен жәбірленуші жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

«Оқиға орнынан ізін суытқан көлік жүргізушісі ұсталды. Күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жалғасуда. Ал адам қаққан көлік арнайы тұраққа қойылды», - деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Ұсталған күдікті Талғар ауданындағы Бесағаш ауылының тұрғыны екені анықталды. Іспен осы ауданның тәртіп сақшылары айналысуда. Ал зардап шеккен зейнеткер әлі ауруханада жатыр.


Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат