Алматы облысында зейнеткерді қағып өлтірген жүргізуші ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында 62 жастағы зейнеткерді көлігімен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен күдікті ұсталды. Қазір осы фактіге байланысты Қарасай ауданының тұрғыны тергеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Алматы-Астана тас жолының Қарасай ауданындағы Ұлан ауылы маңында болған. Мамырдың екісінен үшіне қараған түні 62 жастағы зейнеткерді көлік қағып, мерт қылған.

«Оқиға орнындағы көліктің сынықтары арқылы машинаның ақ түсті «Нексиа» екенін анықтадық. Жедел іздестіру барысында көліктің иесін де таптық. Ол Қарасай ауданының тұрғыны болып шықты. Қазір күдікті ұсталып, аудандық ІІД бөліміне жеткізілді. Ал оның көлігі арнайы тұраққа қойылды», - деп мәлім етті Алматы облыстық ІІД бөлім басшысы Ерлан Қарыбаев.

Облыстық ІІД мәліметінше, жыл басынан бері адам өлімімен аяқталған 11 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның барлығында көлік жүргізушілері оқиға орынан қашып кеткен. Қазір он факті бойынша жүргізушілер ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

Соңғы жаңалықтар