Алматы облысында заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам есірткі алынған

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 2018 жылы Алматы облысы аумағында 4 тоннадан астам есірткі заттары заңсыз айналымнан алынды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетерлігі, есірткі бизнесіне қарсы күресте облыстық полицияның Кинология қызметі орталығындағы иіс алғыш иттер үлкен көмек көрсетіп отыр. Қазіргі күні полиция қызметкерлері есірткі мен жарылғыш заттарды іздеу, қылмыскерлердің ізін кесу мен ұстау әрекетіне 40-тан астам итті тартуда. Бұдан бөлек, үйретілген иісшіл иттер полицияның аумақтық бөлімшелерінде, автожолдардағы патруль полициясының бекеттерінде «жұмыс» істейді.

«Қызметтік иісшіл иттердің арқасында 47 есірткі қылмысы ашылып, 123 келі есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде 12 келісі «гашиш» болып шықты. Сонымен қатар, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесе отырып, есірткі тарату арналары жабылды, 1 келіге жуық героин тәркіленді. Жалпы алғанда есірткімен байланысты заңсыз операциялар үшін 505 адам ұсталды, олардың 10-ы шетелдік», - делінген баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар