Алматы облысында вакцина салдыруға келген ер адам дәрігерді ұрған

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында вакцина салдыруға келген ер адам дәрігерді ұрып, тұншықтырған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 мамыр күні Ескелді аудандық орталық ауруханасының емханасында қабылдау жүргізген дәрігерге шабуыл жасалды. «Вакцина салдыруға келген пациентке түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында пациент дәрігерге дөрекілік танытқан. Дәрігер медициналық ұйымда пациентке өзін дұрыс ұстауды ескерткен. Алайда ескертуге қарамастан пациент дәрігерге шабуыл жасап, басынан ұрып, тұншықтыра бастаған. Дәрігердің беті пен мойнынан бірнеше рет ұрған. Қазір дәрігер бас миының шайқалуы диагнозымен амбулаториялық ем қабылдауда. Оқиғаға қатысты дәрігер Ескелді аудандық ішкі істер бөліміне арыз жазды»,- деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова.


Соңғы жаңалықтар