Алматы облысында ұжымдық мерекелерді қандай жағдайда өткізуге болатыны анықталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында ұжым болып мерекелік шараларды ұйымдастыруға қандай шектеу қойылатыны белгілі болды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерғали Сыдымановтың айтуынша,

«ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар үшін салтанатты, естелік, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге төмендегідей жағдайларда рұқсат етіледі:

- қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз «жасыл» мәртебесі болған кезде;

- (облыс жасыл аймақта орналасса) 100 орыннан артық емес және 50% - ға дейін толымдылық кезде;

- 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 ҚР БМСД қаулысына қойылатын алгоритмдерде көрсетілген санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті (температураны өлшеу, персоналға нұсқама беру, жеке қорғану құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын толтыру, маскаларды, респираторларды, сулықтарды, жабдықтарды өңдеу, үй-жайларды жинау);

- келушілер арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, орындықтардың арасындағы қашықтық кемінде 2 метр және 60 сантиметр болуы тиіс;

- Үй-жайда қатаң маскалық және дезинфекциялық режимді қамтамасыз ету;

Ал «ASHYQ» жобасына қатыспайтын нысандар үшін салтанатты, естелік, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады!

«Сондай-ақ, мектептерде, колледждерде, ЖОО-да, балабақшалар мен жатақханаларда жаңа жылды мерекелеуге байланысты жалпы бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Мектептерде жаңа жылдық іс – шараларды «бір сынып-бір кабинет» қағидатын сақтай отырып өткізуге болады»,- деді Ерғали Сыдыманов.

Соңғы жаңалықтар