Алматы облысында үздік БАҚ өкілдері жарты млн теңгеден сыйақы иеленді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Самғау» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Үздік БАҚ өкілдері жарты миллион теңгеден еншіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осымен төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып жатқан додаға 118 адам қатысып, бақтарын сынаған. Олардың 31-інің жұмыстары үздік деп танылды.

Жеңімпаздарға «Junior evrovision 2020» халықаралық байқауында 2-орынды жеңіп алған Алматы облысы Талғар ауданының тұрғыны Қарақат Башарова өнер көрсетті.

Жалпы БАҚ өкілдері Самғау байқауында «Үздік журналист», «Үздік желілік басылым», «Үздік блогер» сынды 11 номинация бойынша бақтарын сынады.

«Өкінішке орай, биыл біздің мақтанышымыз, журналистердің бірден бірі Бейсен Құранбек ағамыздан айырылып қалдық. Дегенмен облыс әкімінің қолдауымен келесі жылы ол кісінің аты осы премияның номинациясы ретінде жалғасын табады», - деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли.

«Самғау» байқауының жеңімпаздары төмендегідей:

«Үздік журналист» (ақпараттық мақала)

1-орын – Болатбек Абаған («Айқын» газетінің тілшісі);

2-орын – Ирина Карякина («Огни Алатау» газетінің тілшісі);

3-орын – Хасан Еспанов («Огни Алатау» газеті редакторының орынбасары).

«Үздік тележурналист» (жаңалық сюжет):

1-орын - Сәния Байтарова («Жетісу» телеарнасының редакторы);

2-орын – Аяулым Мадиканова («Жетісу» телеарнасының қызметкері);

3-орын – Айнұр Төлеу («Жетісу» телеарнасының бас редакторы).

«Үздік оператор» (бейнематериал):

1-орын – Шалқар Хусаинов («Жетісу» телеарнасының операторы);

2-орын – Қайрат Қазтұрғанов («Жетісу» телеарнасының операторы);

3-орын – Қуаныш Түргенбаев («Хабар агентігінің» операторы).

«Үздік фотосуретші» (фотосуреттер):

1-орын – Ерлан Әлиасқаров («Заман жаршысы газетінің» фототілшісі);

2-орын – Жұмабай Мұсабеков («Жетісу» газетінің фототілшісі);

3-орын – Аслан Қажеке («Жетісу» газетінің фототілшісі).

«Облыстық журналистика саласына қосқан үлесі үшін» (ардагер журналист):

Маулетхан Ақсанов – «Спорт» республикалық газетінің Алматы облысы және Талдықорған қаласы бойынша меншікті тілшісі;

«Үздік республикалық (халықаралық) тілші» (репортаж, Алматы облысы туралы ақпараттық материал):

1-орын – Әсет Қалымов («Казахстанская правда» газетінің тілшісі);

2-орын – Серік Малеев («Алтын орда» сайтының журналисі);

3-орын – Калмаханбет Мұхаметқали «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі).

«Үздік тілші» (аудан, қалалық баспа баслымдары):

1-орын – Ляйля Оналбаева («Кербұлақ жұлдызы» газетінің бас редакторы);

2-орын – Айдын Кәлімхан («Талдықорған» газетінің тілшісі);

3-орын – Анар Дүйсенбайқызы («Қарадала тынысы – Қарадала нәпәсі» газетінің бас редакторы).

«Баспа басылымның үздік дизайны, инфографика»:

1-орын – Мұраталинова Мөлдір («Жетісу» газетінің дизайнері);

2-орын – Алмаз Виноградов («Қарадала тынысы – Қарадала нәпәсі» газетінің редакция дизайнері);

3-орын – Аятхан Абдилдаева («Жетісу» газетінің дизайнері).

«Үздік бейне-клип өндеуші» (монтаж) аталымы бойынша

1-орын – Ерлан Ұшақпаев («Жетісу» телеарнасының режиссері);

2-орын – Данияр Мұстафаев («Жетісу» телеарнасының режиссері);

3-орын – Данияр Тоқымтаев («Жетісу» телеарнасының бейне инженері).

«Үздік облыстық Vlog (Алматы облысы бойынша бейне-блог) немесе «Үздік блогер» (Алматы облысы туралы пост):

1-орын – Мұхит Тоқтасын («Жетісу» телеарнасының веб-редакторы);

2-орын – Андас Қажет («Жетісу» газетінің тілшісі);

3-орын – Мәулен Әнербай («Жетісу» газетінің тілшісі).

«Үздік желілік басылым»:

1-орын – Атлана Исаева (Karasayinfo.kz сайтының редакторы);

2-орын – Ақан Ырымжанұлы (tekelinews.kz сайтының редакторы);

3-орын – Қуаныш Тұңғатар (www.7-su.kz сайтының веб-редакторы).


Соңғы жаңалықтар