Алматы облысында үздік 25 журналист марапатталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысының үздік 25 журналисі мараталды. Арнайы диплом, 100 мың теңгенің сертификатын БАҚ өкілдеріне өңір басшысы Амандық Баталов табыстап, құрмет көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысының әкімдігі ұйымдастырған байқауға биыл  100 ден аса түрлі БАҚ өкілдері қатысқан. 25 маман І орын иегері  атанды. Олар 100 мың  теңгенің ақшалай сыйақысына ие болды. Үздіктер қатарында «Хабар» телеарнасының журналисі Тілеуқабыл Мыңжасар, «Айқын» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Болат Абаған, жергілікті «Жетісу» телеарнасының тілшісі Гүлжанат Мақұлжанова сынды жандар бар.

null  

Жетісу жерінде  Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында журналистерді марапаттап, құрмет  көрсету дәстүрге айналған. Басты мақсат - Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өркендеуін насихаттауда тер төгіп жүрген тілшілер қауымын ынталандыру. Сондай-ақ мемлекеттік саясат, қоғамдағы тұрақтылық, ұлттық құндылықтар, мәдениет пен спорт салаларын қалың жұртқа дәріптеп, елді жағымды жаңалықтармен сусындатып жүрген журналистердің мәртебесін арттыру.

null 

Соңғы жаңалықтар