+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматы облысында үйінен кетіп қалған оқушы 20 күннен кейін табылды

2020 жылғы 5 тамыз 17:50
Бөлісіңіз:
Алматы облысында үйінен кетіп қалған оқушы 20 күннен кейін табылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері жиырма күн бұрын хабар-ошарсыз кеткен 16 жасар жасөспірімді іздестіріп тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде ер адам көшеде кетіп бара жатқан азаматқа пышақ ала жүгірген Ақмола облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды Елордадағы «бүкір көпір» опырылып құлады

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, із-түссіз жоғалған баланың анасы ұлының хабарсыз кеткені туралы полицияға екі аптадан кейін ғана хабарлаған. Талдықорған қаласының тұрғыны 16 жастағы Дархан жақындарымен сөзге келіп, 18 шілде күні үйінен кетіп қалған. Анасы осы уақытқа дейін баласын өз күшімен тауып алуға тырысқанымен, байланысқа мүлдем шықпаған ұлын таба алмаған. Көп уақыт хабар алмаған соң көңіліне күдік ұялап, полиция қызметіне жүгінген. Әйелдің айтуынша, ол соңғы рет ұлын үйде көргенде жаман ойға итермелейтін белгілер болмаған.

«Ақпарат алғаннан кейін жақын аумақты патрульдік полиция жасақтары мен жедел-тергеу тобы аралады. Бағдар жасалып, балаға іздеу жарияланды. Тоғызыншы сынып оқушысы құрылыс алаңдарының бірінен табылды. Оның құрылыс жұмыстарына табыс табу мақсатында келгені белгілі болды. Дегенмен, ол туыстарына хабар беруді қажет деп санамаған. Оның айтуынша, үйіне қоңырау шалғысы келген, алайда сол сәтте ұялы телефонының қуаты таусылып қалған», - деді Талдықорған қалалық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Асқар Нұрсапа.

Полиция оқиғаның «сәтті» аяқталғанын және жасөспірімнің жауапсыз әрекеттерінің соңы қайғылы жағдайға айналуы мүмкін екенін атап өтті.

«Өкінішке орай, балалардың үйден өз бетімен кетіп, құқық бұзушылық жасау деректері жиі кездеседі. Баланың жеке тұлғалық дамуында және оның қоғамдағы лайықты мінез-құлық қасиеттерін, жағымды әдеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен рөл атқаратыны баршаға анық. Ешқандай алдын алу жұмыстары оның тағлымын бере алмайтыны шындық. Ювеналды полиция қызметкерлері үнемі балалар мен ата-аналарға қоғамдық орындарда, отбасында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері бойынша құнды ұсыныстар береді. Осы ұсыныстарды барлығының назарға алғанын қалаймын», - деп толықтырды полковник Асқар Нұрсапа.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT