+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Алматы облысында үйі өртенген отбасы далада қалды

2017 жылғы 19 қаңтар 15:02
Бөлісіңіз:
Алматы облысында үйі өртенген отбасы далада қалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында үйі өртенген отбасы далада қалды. Оқиға Ескелді ауданының Бақтыбай ауылында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақтыбай ауылының әкімі Айдын Исабековтың сөзінше, үйі өртенген отбасының жеті баласы бар. Қазір олар туысқандарының үйінде тұрып жатыр. Баспана толықтай жанып кеткен, тек қабырғалары қалған. Қыстың қақаған суығында үйі өртенген отбасына жергілікті әкімдік тарапынан қандай көмек көрсетілетіні белгісіз.

«Біз аталған жағдайды Ескелді ауданы әкімінің орынбасарына айттық. Нақты қандай көмек көрсетіледі, әзірге белгісіз. Алдағы уақытта бұл мәлесе қарастырылады», дейді Айдын Исабеков.

Ал облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаевтың мәліметінше, өрт пештен шығуы мүмкін деген болжам бар. Аталған отбасының жеті баласы және анасына иіс тиіп ауруханаға жүгінген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT