Алматы облысында үстелді тоқпақтаған бас дәрігер қатаң сөгіс алды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында «эмоциясын» ұстай алмай, үстелді жұдырықпен ұрған бас дәрігер Нұрлан Құлсейітов қатаң сөгіс алды. Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігеріне мұндай шешімді арнайы комиссия шығарды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының 2020 жылғы 17 карашадағы № 394-І «Кызметтік тексеріс жүргізу туралы» бұйрығы негізінде комиссия құрылды. Тексеріс барысында осы медициналық ұйымның басшысына қатысты «Қатаң сөгіс» түрінде тәртіптік шара қабылдау туралы шешім қабылданды», - делінген Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ресми хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігері кездесу барысында тұрғындардың бірінің қойған сұрағына ашуланып, үстелді жұдырықпен ұрған. Артынша залдан шығып кеткен. Ал тұрғынның ашу тудыртқан сұрағы ауруханада дәрілердің жетіспеуі жөнінде болған еді.

Өзінің эмоциясын көпшілік алдында ұстай алмаған Нұрлан Құлсейітовтің үстінен артынша тексеріс басталғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар