+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Алматы облысында үшем дүниеге келді

2019 жылғы 21 маусым 14:12
Бөлісіңіз:
Алматы облысында үшем дүниеге келді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Жамбыл ауданында үшем дүниеге келді. Жас отбасы қыздарының есімін Нұрай, Айдай және Шырай деп қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таңатар Тұрғанбаев пен Эльмира Өмірзақова - Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының тұрғындары. Үшемнің әкесі - 1990 жылы, ал анасы 1992 жылы туған. Тұңғыш ұлының есімі - Хан. Нұрайдың салмағы - 2 келі 95 грамм, бойы - 40 см. Айдайдың салмағы - 2 келі 60 грамм, бойы - 44 см болса, Шырай - 2 келі 20 грамм салмақпен, бойы 40 см болып туды.

Қуаныш иелерін бірінші болып аудан әкімі Бағдат Әлиев құттықтады. Бір мезетте көпбалалы отбасы атанған шаңыраққа шаттық, нәрестелерге ұзақ ғұмыр тіледі. Қазір сәбилер мен анасының денсаулығы жақсы. Олар бүгін ауруханадан шығып, үйлеріне қайтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы облысы, Демография,
Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT