Алматы облысында үш мектепке қазақ зиялыларының есімі берілді

ЖАРКЕНТ. ҚазАқпарат - Алматы облысының Панфилов ауданындағы үш мектепке қазақ зиялыларының есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Панфилов ауданы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Панфилов ауданында бұрынғы А. Луначарский атындағы орта мектеп-гимназияға даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының есімі берілді. «Көктал орта мектебі» мектепке дейінгі шағын орталығы мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың атымен аталатын болды. Сондай-ақ, Сәтжол орта мектебіне алаш көсемі Әлихан Бөкейханның есімі берілді.
«Қазіргі уақытта Үкіметтің арнайы қаулысы шықты. Енді аудан әкімшілігі тарапынан атқарылатын тиісті жұмыстарды атқарып жатырмыз»,-деді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Арман Юсупов.
Айта кету керек, бүгінде Панфилов ауданында орта білім беретін 50 мектеп бар.
- Пандемия кезінде кәсіпкерден 14 млн теңге пара алған шенеунік сотталды – Қостанай
- Ақтауда орыс тілінде сабақ беретін мұғалімдер жетіспейді
- Салалық журналистиканы дамытуда маңызды кезең басталады - Аида Балаева
- ҰБТ-2021: Алғашқы күннің қорытындысы жарияланды
-
Талдықорғанда қоғамдық көлік отқа оранды
-
Сағынтаев мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуын қадағалады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам