Алматы облысында үш демалыс орнын су басты

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысында толассыз жауған жаңбырдан үш демалыс орнын су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 13 шілде күні сағат 18:00 шамасында Ұйғыр ауданында нөсерлі жауын-шашын салдарынан «Шонжы-Қалжат» автожолының 55-шақырымында биіктігі шамамен 5-10 см болатын сел жүрді.

«Үш демалыс аймағының ауласын су басты, ал тұрғын үй-жайлар мен ғимараттарда су басу тіркелген жоқ. Қазір жауын-шашын тоқтады, су деңгейі төмендеді», - деп хабарлады Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиға орнында Алматы облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін аталған ауданда толассыз жауған жаңбыр салдарынан республикалық маңызы бар «Ақсай-Шонжы» тасжолының 12-шақырымында сел жүрген болатын.


Соңғы жаңалықтар