Алматы облысында үш ауысымды мектептер азаймай отыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы бойынша үш ауысымды мектеп саны азаймай тұр. Өңір бойынша биылғы оқу жылын 34 мектеп үш ауысыммен аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы маңындағы аудандарда халық көп шоғырланып, табиғи өсімнің әсерінен оқушылар үш ауысыммен оқуға мәжбүр. Мәселен Іле ауданында биылғы оқу жылында үш ауысымды 13 мектеп болды.

«Ал жаңа оқу жылында үш ауысымды білім шаңырақтары 25-ке жетуі мүмкін. Себебі биылға жаңа мектеп жоспарланбаған», - дейді Іле аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Гүлнар Мақсұтова.

Қазіргі таңда тек Жетіген ауылында 300 орындық қосымша ғимарат құрылысы жүріп жатыр. Ал 2020 жылға 6 мектептің құрылысы жоспарланған. Білім шаңырақтарының жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда.

Жалпы, Алматы облысы бойынша биыл 7 мектептің құрылысы басталды. Олардың бесеуі жаңа оқу жылында ашылмақ.

Соңғы жаңалықтар