Алматы облысында үш ауысымды мектептер 2021 жылы жойылады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында қазіргі таңда оқушыларды үш ауысыммен оқытатын 34 мектеп бар. Мәселені шешу үшін биыл - 7, келер жылы 15 мектеп пайдалануға берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы тұрғындарының саны 2 миллионнан асып, өңір республикадағы халқы көп аймақтың біріне айналды. Ішкі миграция мен халықтың табиғи өсімі салдарынан облыстың кейбір аудандарында оқушыларды үш ауысымда оқытуға тура келіп отыр.

«Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін 2021 жылға дейін кешенді жоспар құрылған. Биыл 7 мектеп пайдалануға беріледі. Және 15 мектептің іргетасы қаланады. Сондай-ақ 8 білім ордасының жобалық-сметалық құжаттары реттеліп жатыр. Осылайша үш ауысымды мектеп мәселесі кезең-кезеңімен өз шешімін таппақ», - деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Әбдуалиев.

Соңғы жаңалықтар