Алматы облысында үш ауылдасын пышақтаған адам ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының тәртіп сақшылары мас күйде үш бірдей ауылдасына пышақ жарақатын салған Еңбекшіқазақ ауданының 38 жастағы тұрғынын қамауға алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Полиция қызметкерлеріне Малыбай ауылының үш тұрғыны пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен. Тәртіп сақшылары жәбірленушілерді ас үй пышағымен жарақаттаған ауыл тұрғындарының бірі екенін анықтады.

«Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті азамат ұсталып, полицияға жеткізілді. Мас күйдегі күдікті жәбірленушілермен арада жанжал шығарған. Кісі өлтіру әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалып, ауыр қылмыстың барлық жағдайлары анықталатын болады», - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Оқиға орнынан табылған асхана пышағы заттай айғақ ретінде тіркелді. Ұсталған азамат тергеу аяқталғанша аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторында қамауда болады.

Соңғы жаңалықтар