Алматы облысында үш адам дәретхана шұңқырына батып кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында қайғылы жағдай орын алды. Бір отбасының үш адамы дəретхана шұңқырына түсіп қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға Қарасай ауданының Қырғауылды ауылында болды. Абайсызда 10 жастағы қыз дəретхана шұңқырына түсіп кеткен. Оған көмекке  1967 жылғы Марат Садықов жəне 1993 жылғы Замира Баширова ұмтылған. Өкінішке орай үш адам бірдей оқиға орнында  қайтыс болды. Аталған оқыс жағдайды  облыстық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер растады.

Қаза тапқан адамдардың мүрделерін ҚР ІІМ ТЖК Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жеткізді, бұл ретте құтқарушылардың бірі көмірқышқыл газының буынан уланып, оған медициналық көмек көрсетілді. 

Ал бейресми мəлімет бойынша, 10 жастағы қыз бала ұялы телефонын дəретханаға түсіріп алып, оны алып шығуға ұмтылғанға ұқсайды. Жантүршігерлік жағдай 6 маусым күні сағат  кешкі тоғыздар шамасында болды.

Соңғы жаңалықтар