Алматы облысында ұсақ шаруашылықтар сервистік-дайындау арқылы іріленіп келеді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жер көлемі аз, техникасы жоқ шаруалар сервистік-дайындау орталықтары негізінде бірігіп, ірілене бастады. Солардың бірі Көксу ауданында 12 шаруашылықты біріктірген «Алан» сервистік орталығы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алан» сервистік-дайындау орталығы 2015 жылы қант қызылшасы бағытында құрылған. Негізгі құрылтайшысы Көксу ауданы, Мұсабек ауылдық округіне қарасты «Кең дала» шаруа қожалығы. Орталыққа лизинг арқылы 141 млн теңгенің 28 дана техникасы алынды. Былтыр сервистік-дайындау орталығы арқылы біріккен диқандар 7,5 мың тонна тәтті түбір өткізген. Биыл олар 10 мың тоннаға жуық қант қызылшасын алуды жоспарлап отыр.

«Кең дала» шаруа қожалығының жетекшісі Қалибек Алпысбаевтың айтуынша, кейбір тәжірбиелі алқаптардың әр гектарынан 1000 центнерге дейін өнім алуға болады. Өнімділіктің артуына жерді өңдеудің заманауи технологиялары мен жаңа техника, мемлекеттен беріліп отырған субсидия мүмкіндік беріп отыр.

Соңғы жаңалықтар