Алматы облысында ұрылар зейнеткердің алтын тіс қаптамасын алып кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат  - Алматы облысында 79 жастағы зейнеткер әйелді тонағандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық ІІД баспсөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Еңбекшіқазақ ауданының полиция қызметкерлері үш адамнан тұратын қылмыстық топты қолға түсірді. Олар Шелек ауылында тұратын зейнеткердің үйіне қарақшылық шабуыл жасап, жинап отырған қаржысын қолды еткен. Сондай-ақ тонау барысында күдіктілер қарияның алтыннан жасалған тіс қаптамасын да тартып алған.

Жәбірленуші маусымның 16-нан 17-іне қараған түні Еңбекшіқазақ ІІБ Шелек бөлімшесіне шағымданған. Жедел әрекет ету барысында тәртіп сақшылары бірнеше тәулік ішінде күдіктілерді анықтап, қолға түсірген.

Тергеу барысында анықталғандай, олардың барлығы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қолды қылған қаржының біраз бөлігін, яғни 33 мың теңгені жұмсап үлгерген. Ал алтын тіс қаптамасын жоғалтып алған.

Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, ҚР ҚК 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар