Алматы облысында ұры зиратты тонап жатқан жерінен ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Талғар қаласында полиция қызметкерлері зираттардың  қоршауларын ұрлап келген  34 жастағы азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күдіктіні полицейлер 102 телефон номеріне соғылған қоңыраудан кейін, қылмыс үстінде тұтқындады. Тәртіп сақшылары оқиға орнына жеткен кезде, төрт бейіттен бұзылып алынған шойын қоршаулардың көлікке тиеліп, алып кетуге дайын тұрғанын көрген. Полиция қызметкерлерін көре салған күдікті қаша жөнелген. Бірақ қылмыс жасаған орнынан алысқа ұзамай тұтқындалады. Тексеру барысында ұсталған азамат жарты жыл бұрын қалалық зираттың жұмысшысы болып қызмет еткені анықталды», - деді  облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Қазіргі таңда Талғар қаласының тұрғыны қамауға алынды. Сондай-ақ Талғар қалалық ішкі істер бөліміне 3 жергілікті тұрғын туыстарының бейітінің бұзылғаны туралы арыз түсірген. Осы факті бойынша қылмыстық тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар