Алматы облысында ұлы туған әкесінің басын ет тартқышпен жарды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 23 жастағы азамат туған әкесінің бас сүйегін сындырды деген күдікке ілінді. Оқиға 11 қаңтар күні  Кербұлақ ауданындағы Қоғалы ауылында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір зардап шеккен 46 жастағы азамат аудандық ауруханада жатыр. Анықталғандай, әкесі мен баласы сөзге келіспей қалған, сол кезде ұлы отағасының басынан ет тартқышпен ұрған. Ас үйдің заты іске айғақ ретінде тіркелді.

«Осы факті бойынша күдіктінің үстінен ҚР ҚК 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр  зиян келтіру) бойынша іс қозғалды. Тергеумен Кербұлақ аудандық ІІБ-нің тәртіп сақшылары айналысуда. Күдікті қамауға алынды», - деп мәлім етті облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Полицейлердің мәліметінше, 23 жастағы азамат бұған дейін де бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен.

Соңғы жаңалықтар