Алматы облысында ҮЕҰ-ларға кеңес беретін консалтингілік орталық ашылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Алматы облысында үкіметтік емес ұйымдардың консалтингілік орталығы ашылды. 

Бұл жерде ұйым мүшелеріне заңнамалық, қаржылық және ақпараттық  кеңестер беріледі. Ал бүгінде облыс бойынша 900-ден астам үкіметтік емес ұйым бар. Олардың басым бөлігі әлеуметтік бағытқа негізделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Консалтингілік орталық облыс басшылығының тікелей қолдауымен ашылды. Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен енді үш маман жұмыс істеп, қажетті кеңестерін береді. Жалпы жылына облыстық әкімдік бюджетінен әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға 100 миллион теңге  бөлінеді. Оларды жүзеге асыруға 400-ге жуық үкіметтік емес ұйым қатысады. Ал орталықтың мақсаты, әлеуметтік проблемалардың шешілуіне үлес қосып жатқан үкіметтік емес ұйымдардың санын арттырып, сапасына ден қою.  

«Үкіметтік емес ұйымдар қалалық, облыстық гранттар ғана емес, сонымен қатар  ЮНЕСКО-ның, ЮНИСЕФ-тің және басқа да үздік халықаралық ұйымдардың гранттарына қатысып,  ұтып, оларды өңірімізде жүзеге асыруға толықтай күш-жігерімізді саламыз», -  дейді Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы  Рустам Алпысбаев.

Орталықпен қатар, партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмесі де ашылды. Енді олар Талдықорғандағы журналистер үйінде қызмет көрсетеді.  

Соңғы жаңалықтар