Алматы облысында уақытында пайдалануға берілмеген нысандар анықталды

None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысында антикор қыруар қаржы жұмсалып, уақытында пайдалануға берілмеген нысандарды анықтады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданының активімен кездесу барысында Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Нұрсұлтан Бекенов ауданның әлеуметтік және инфрақұрылымдық объектілерін салудың басты проблемаларының бірі – сумен жабдықтау жүйелерін қайта құру және салу екенін айтты.

Оның айтуынша, 2020 жылы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің бөлімі «Сапа Құрылыс 2007» ЖШС-мен 3,8 млрд теңге сомасына Еңбекшіқазақ топтық су құбырын реконструкциялау және салу жөніндегі жұмыстарды орындауға шарт жасалған. Ол бойынша 2022 жылы ауданның 9 елді мекенінің, оның ішінде Есік қаласының 105 мың тұрғынын сумен қамтамасыз етеді деп болжанған болатын.
Бұл ретте, көрсетілген сомадан басқа әкімдік қосымша 800 млн теңгеге жуық қаражат қосымша бөлді.
Алдын ала ақпарат бойынша ақша жеткізушіге аударылды, алайда осы уақытқа дейін бұл нысанның құрылысы аяқталған жоқ (аяқталу мерзімі – 2022 жыл).
Сонымен қатар, Ащысай ауылында 4 жылдан астам уақыт бойы тұрғындар ауыз суға қол жеткізе алмай келеді.
2018 жылы «Бәйтерек-Құрылыс» ЖШС-мен 305 млн теңгеге ауылды сумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялауға және салуға шарт жасалды.
Бұл ретте, бүгінгі күнге дейін су жоқ, жұмыс жүргізілмеген (24 км-ден 19 км ғана аяқталды). Орындалмаған жұмыс сомасы 115 млн теңгені құрайды.
Департамент бұл мәселелерді бақылауға алды, тексеру шаралары жүргізілуде.
Айта кетейік, әлеуметтік нысандардың құрылысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ерекше бақылауында.
Соңғы жаңалықтар