Алматы облысында ТЖД бастығының орынбасарлары тағайындалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында ТЖД бастығының орынбасарлары тағайындалды. Бүгін азаматтық қорғау полковнигі Юрий Анатольевич Чернышов пен азаматтық қорғау полковнигі Серікқан Жеңісұлы Тұраров жеке құрамға таныстырылды.

Азаматтық қорғау полковнигі Юрий Чернышов бұрын Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы болып қызмет атқарған, азаматтық қорғау полковнигі Серікқан Тұраров бұрын Астана қаласының «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстар қызметі» Мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары болып қызмет атқарған.

null  

Юрий Анатольевич Чернышов 1975 жылы 05 наурызда Алматы облысында дүниеге келген.

1998 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін өрт қауіпсіздік инженері мамандығы бойынша бітірген.

Құқық қорғау органдарына 1993 жылдың қыркүйек айынан бастап келген. Қызмет кезінде құрамның әр түрлі кіші және аға басшы қызметтерін атқарған.

Серікқан Жеңісұлы Тұраров 1964 жылы 20 қыркүйекте ШҚО-ның Аягөз ауданы Тарбағатай ауылында дүниеге келген.

null  

1985 жылы КСРО ІІМ Алматы өрт - техникалық училищесін «өртке қарсы қауіпсіздігі» - өрт қауіпсіздік технигі мамандығы бойынша бітірген, 1990 жылы КСРО ІІМ жоғары инженерлік өрт-техникалық мектебінің Ташкент факультетін «өртке қарсы қауіпсіздігі» - өрт қауіпсіздік инженері мамандығы бойынша бітірген, 2005 жылы «Фемида» Қарағанды құқықтық академиясын «құқықтану» - заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Құқық қорғау органдарында 1982 жылдың қазан айынан бастап. Қызмет кезінде құрамның әр түрлі кіші және аға басшы қызметтерін атқарған.

Соңғы жаңалықтар