+7 (701) 759 90 19
USD 380.19 EUR 419.01
RUB 6.08 CNY 54.81
Jańalyqtar

Алматы облысында туысын өлтіріп, жолдың бойына тастап кеткен күдікті ұсталды

2019 жылғы 25 қараша 14:35
Бөлісіңіз:
Алматы облысында туысын өлтіріп, жолдың бойына тастап кеткен күдікті ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері Нұр-Сұлтан қаласы тұрғынының өліміне қатысты қылмысты ашты, деп хабарлайды, ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысы: Тұрғындар арасындағы қарулы қақтығыстан бір адам қаза болды Қарағанды полицейлері ер адамның мәйітін тапты Алматыда жасөспірім адам өлтірді деген күдікке ілікті

Талғар ауданының тұрғыны жамағайынын өлтіріп, «Алатау-Тұздыбастау» тас жолының маңына қалдырып кеткен. Оқиға 23 қараша күні Талғар ауданында тіркелген. Жергілікті тұрғындар 31 жастағы азаматтың азаптап өлтірілген мүрдесін жолдың бойынан тауып алған.

Тәртіп сақшылары адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғап, жедел іздестіру шараларына кіріседі. «Адам өлтірді» деген күдікпен Талғар ауданының 43 жастағы тұрғынын ұстайды. Ол мерт болған жігіттің алыс туысы болып шықты.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Айғақ зат ретінде пышақ пен темір құбыр тәркіленіп отыр.

«Тергеу барысында мұндай жауыздыққа не түрткі болғанын полиция анықтай жатар, әзірше іс облыстық полиция департаментінің қатаң бақылауына алынды», - деп толықтырды департамент өкілі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT