+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Алматы облысында түрмеде төбелес шығып, жазасын өтеушілердің бірі мерт болды

2019 жылғы 18 наурыз 20:45
Бөлісіңіз:
 Алматы облысында түрмеде төбелес шығып, жазасын өтеушілердің бірі мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында қауіпсіздігі жоғары мекемеде жазасын өтеуші мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«17 наурыз күні Алматы облысындағы қауіпсіздігі жоғары мекемеде жанжал шығып, соңы төбелеске ұласты. Төбелес кезінде жазасын өтеушілердің бірі екеншісіне дене жарақатын салып, соның салдарынан жарақат алған адам мерт болды»,-делінген хабарламада.

Аталған оқиға сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Осы уақытта оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT