Алматы облысында туристерге жасалған шабуылдың мән-жайы анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысы Ақсу ауданының Қапал ауылында туристерге жасалған шабуылдың егжей-тегжейі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«16 тамыз күні экспедиция қатысушылары жолазық сатып алу үшін Қапал ауылындағы «Аружан» дүкенінің алдына тоқтаған. Дүкен қасында тұрған белгісіз ер адамдар оларға шабуылдап, жарақат келтірген. Жәбірленушілердің шағымы бойынша шұғыл түрде сотқа дейінгі қылмыстық тергеу ісі қозғалды», - деп мәлімдеді Алматы облыстық туризм басқармасының өкілдері.

Шедел-іздестіру шараларының барысында 16 тамыз күні кешкісін үш жергілікті тұрғын ұсталды.

Алматы облыстық туризм басқармасы «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының мұндай қылмыстарға төзбеу туралы үндеуіне қолдау білдірді.
«Туризм саласында қауіпсіздік мәселесі Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында көрсетілетін кезек күттірмейтін міндеттердің қатарына кіргізілуі қажет. Сондай-ақ ішкі істер, мәдениет және спорт министрліктері арасындағы ведомствоаралық жоспарды шұғыл түрде қабылдау қажет», - дейді басқарма өкілдері.

Еске сала кетейік, Қапал ауылында 6 адам соққыға жығылып, ауруханаға түскен болатын. Бірақ оларды ауруханада қалдыруға қажеттілік болмаған.

Соңғы жаңалықтар