Алматы облысында туристер мінген көлік аударылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Текелі қаласында  туристер мінген көлік аударлып, 4 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"2018 жылдың 3 маусымында Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының кезекші пультіне Текелі қаласының Черкасай шатқалында 12 турисі бар ГАЗ-66 автокөлігі аударылғаны туралы ақпарат түсті. Оның ішінде 4 адам ауыр жарақат алған. Сағат 15:40-та Жедел-құтқару жасағы Камаз-Нефаз автокөлігімен оқиға орнына барды. Құтқарушылар зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіп, Текелі қалалық ауруханасына  жеткізді", - деп мәлім етті облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар