+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Алматы облысында тұрғындар көлікке малын тиеп, жайылым іздеп жүр

2021 жылғы 12 сәуір 21:28
Бөлісіңіз:
Алматы облысында тұрғындар көлікке малын тиеп, жайылым іздеп жүр

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Жамбыл ауылының тұрғындары малдарын көлікке тиеп, жайылым іздеп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мәжіліс жерді шетелдіктерге сатпау туралы құжатқа Сенат енгізген өзгерістемен келісті

Ауылда мал бағатын жер жоқ деген Көксу ауданына қарасты Жамбыл ауылының халқы көрші ауылға мал жаю үшін оны әупірімдеп көлікке тиеп, жіберіп жатыр. Көлік иесі әрбір мал басына 2 мың теңгеден алады. Ауыл халқы үшін бұл қып-қызыл шығын. Тіпті мал алысқа барып жайылса, оған төленетін төлем де көбейеді.


«Жұрттың малдарын тиеп, жайылымға апарамын. Рейсіне 20-25 мыңнан аламын. Ауылдың кісілерінен көп алмаймын. Әйтпесе ол 60-70 шақырымдық жер», - деді Көксу ауданына қарасты Жамбыл ауылының тұрғыны Әжен Ахунжан.


Әкімдіктің мәліметінше, Жамбыл ауылы бойынша 850 бас ірі қара, 2,5 мың қой, 200-ден аса жылқы бар. Ал жайылымдық мың жарым гектарға жуық. «Бірақ мал басының өсуіне байланысты жер жетпей жатыр. Мәселені шешу жолдарын қарастырып жатырмыз», - дейді олар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT