+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Алматы облысында тұрғын үй кешенінің бір бөлігі карантинге жабылды

2020 жылғы 28 наурыз 19:29
Бөлісіңіз:
Алматы облысында тұрғын үй кешенінің бір бөлігі карантинге жабылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында «Асыл-Арман» тұрғын үй кешенінде 6-шы үйдің 4-ші подъезі карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қайрат Баймұхамбетовтің мәліметінше, коронавирус жұқтырған адамдардың бірі осы тұрғын үй кешенінде тұратындықтан осындай шара қолға алынды.

4-кіреберіс тұрғындарына пәтерлерін тастап кетуге, қонақ қабылдауға тыйым салынады. Сондай-ақ, жұмысы бар азаматтар қалыптасқан жағдай бойынша басшыларын ескертіп қоюға міндеттелді. Карантин 14 күнге жалғасады. Қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін.

Сондай-ақ, залалсыздандыру жұмыстары Іле ауданының Көкқайнар және Жамбыл ауданының Аққайнар ауылдарында да жүргізіледі. Себебі бұл екі ауыл коронавирус анықталған екі азаматтың тұрғылықты мекені.

Еске салсақ, Алматы облысында коронавирустың 4 жағдайы тіркелді. Еліміз бойынша науқастар саны – 204.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT