Алматы облысында туған ұлынан таяқ жеген ана ауруханаға түсті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында туған ұлынан таяқ жеген 67 жастағы ана ауруханаға түсті. Оқиға Райымбек ауданындағы Кеген ауылында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мəліметінше, 18-ші желтоқсан күні жергілікті медицина қызметіне 67 жастағы тұрғын жүгінген. Бірақ жəбірленуші кімнен таяқ жегені жайлы тіс жармаған. Осыған қарамастан полицейлер егде жастағы əйел адамды туған ұлы ұрғанын анықтады. Қазір 1975 жылғы ер адам ұсталып, үстінен қылмыстық іс қозғалды.

«Райымбек аудандық ІІБ тергеуді жалғастыруда.Ұсталған азамат қолхатпен жіберілді», - деп мəлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Мəлім болғандай, 42 жастағы ер адам өзінің туған анасын ішімдік ішіп алып ұрған. Ал қатты соққы алған 67 жастағы ананың миы шайқалған.

Соңғы жаңалықтар