Алматы облысында тойға келген ауылдасын пышақтаған күдікті ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында Ұзынағаш ауылының тұрғынына пышақпен ауыр дене жарақатын салып, соңғы 5 күн бойы іздеуде болған күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 24 маусым күні Жамбыл ауданында болған. Тойға келген екі қонақ сөзге келіп, соңы төбелеспен аяқталған. Салдарынан 1990 жылы туған азамат ауыр дене жарақатымен аудандық ауруханаға түскен. 

«Оқиға куәгерлері көп болғандықтан және қылмыстық әрекет жасаған азаматты танығандықтан, күдіктіні анықтау қиын болған жоқ. Тек оқиға орнынан ізін суытып, жиі орын ауыстыруына байланысты оны ұстау шаралары біраз уақытты алды. Полицейлер 25 жастағы күдіктіні ұстады, ол қазір уақытша ұстау изоляторында»,- деп мәлім етті аталған ведомстводан.

Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігіне сәйкес соталды тергеу шаралары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар