+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Алматы облысында төтенше жағдай кезінде лотерея клубы жұмысын тоқтатпаған

2020 жылғы 6 сәуір 11:57
Бөлісіңіз:
Алматы облысында төтенше жағдай кезінде лотерея клубы жұмысын тоқтатпаған

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында төтенше жағдай тәртібін сақтамаған жеке және лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысының тәртіп сақшылары таңға жақын, қараңғылықты пайдаланып сағат 04:00-дер шамасында карантинге жабылған Алматы қаласының аумағына заңсыз өтпек болған Іле ауданының 30 жастағы тұрғынын ұстады. Оған қатысты ҚР ӘҚбК-нің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 10 тәулікке қамалды.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары төтенше жағдай кезінде қойылған шектеуге қарамай, кәсібін жүргізген тұрғындарды жауапқа тартты.

Облыс орталығында лоторея клубы жұмысын тоқтатпаған 27 жастағы тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, карантин уақытында сағат 20:00-ден кейін саудаға тыйым салынса да, жабылмаған 4 сауда орны анықталды. Ал, Еңбекшіқазақ ауданының 41 тұрғынына карантин тәртібін бұзып, үйінен кетіп қалғаны үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Өз кезегінде, облыстық полицейлер карантин уақытында тәртіпті, санитарлық талапты қатаң сақтауға шақырады. Коронавирус індетінің жаппай таралуының алдын алу мақсатында облыстағы барлық қала-аудандарда санитарлық бекет қойылуына байланысты сақтық шараларына түсіністікпен қарап, талапты орындау қажеттілігін ескертеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT