Алматы облысында төрт жігіт ауылдасының 36 ірі қарасын ұрлаған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында 4 жігіт ауылдасының 36 ірі қара малын ұрлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу нұсқасына сай, қорадан 300 метр жерде күдіктілер малды көлікке тиеуге ыңғайлы орынды дайындап қойған.
«Қораның ескілігі ұрылардың оң жамбасына келе кеткен. Есігі сымтемірмен жабылған қораны олар оңай ашқан. Сондай-ақ, малшы жатқан вагон қорадан 100 метр қашықтықта болған. Осы себепті малшы ұрыларды естімей қалған болуы керек», - деп хабарлайды ІІМ-нен.
Өкініштісі, малшы әу баста малды өзі іздеп, уақытты жоғалтып алған көрінеді. Ақыры, ішкі істер органдарына болған оқиға хабарланғаннан кейін жедел іздестіру тобы құрылып, көрші шаруа қожалықта тұратын, бұрын сотты болған малшы күдікке ілінген.
«Жедел шаралардың арқасында қылмыстық топтың барлық мүшесі анықталып, ұсталды. Ұрланған мал Талғар ауданындағы базардан - қылмыс орнынан 300 шақырым жерден табылды. Қабылданған шаралар бойынша ұрланған 36 бас малдың 32-і тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды. Қылмыскерлер 4 басты сойып, сатып үлгерген», - делінген хабарламада.
Ішкі істер министрлігі сонымен қатар, Қарағанды облысында бір үйір жылқыны ұрлаған Жаңарқа ауданының екі тұрғыны, Қостанай облысында 20 шақты мал ұрлығына қатысты екі топ ұсталғанын хабарлайды. Ұсталғандардың басқа қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
- Көшелерде жедел көмек шақыруға арналған «SOS түймешігі» орнатылады
- Қазақстанда баланың қайда жүргенін анықтауға мүмкіндік беретін жүйе іске қосылады
- Алматыда қылмыс деңгейі 47,8% төмендеді
- Оралда жоғалып кеткен жеті жасар бала табылды
-
Алматыда 58 кәсіпкерлік нысан карантин талаптарын бұзғаны анықталды
-
Амстердам әуежайында әлемдегі ең ірі есірткі тасушының бірі қолға түсті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам