Алматы облысында төрт оқушыны көлігімен қаққан мас жүргізуші 10 жылға сотталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 4 оқушыны көлігімен қаққан мас жүргізуші 10 жылға сотталды. Еңбекшіқазақ ауданында болған жантүршігерлік оқиға салдарынан 9-10 жастағы екі қыз бала ауруханада көз жұмған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа ғана Еңбекшіқазақ ауданындық сотының судьясы Айнұр Балтақай үкімді оқыды.

Еңбекшіқазақ ауданындағы Қорам ауылының 54 жастағы тұрғыны А. Демесінов 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2 наурыз сағат 18:40 шамасында Еңбекшіқазақ ауданының Қорам ауылында мектептен қайтып келе жатқан 4 оқушыны көлік қағып кеткен еді.

«Уаз» автокөлігі жол жиегінде тұрған 10 жасар екі және 9 жастағы екі қызды қақты. Артынша Қорам ауылының 54 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол көлікті мас күйінде жүргізген.

Әртүрлі дене жарақатын алған үш бала ауруханаға түсті. 14 наурыз күні бірінші оқушы, 4 сәуір күні екінші оқушы есін жимастан көз жұмды.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мас жүргізушіге қатысты тергеуді өз бақылауына алғаны хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар