Алматы облысында төлем терминалынан 1,5 млн теңге ұрлап кетті

None
None
 ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Панфилов ауданында төлем терминалын тонап кетті. Оқиға Жаркент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«8-ші қаңтар күні терминалдың тоналғандығы жөнінде арыз аудандық ІІБ келіп түсті. Тәулік ішінде 25 жəне 38 жастағы екі күдікті ұсталды. Терминалдан 1,5 млн теңге ұрланған. Күдіктілер 25 мың теңгесін өз қажеттіліктеріне ұстап қойған. Ал жоғалған қомақты қаржының негізі бөлігі тəркіленді. Қылмыскерлер терминалды шеге суырғыш құралмен бұзған»,- деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Қазір күдіктілер қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188 бабының 3-ші тармағына сәйкес іс қозғалып, тергеу жалғасуда. Күдіктілердің өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда.

Соңғы жаңалықтар