Алматы облысында тоқыма фабрикасы мемлекетке 131 млн теңгеден аса залал келтірген

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында тоқыма фабрикасы мемлекетке 131 млн теңгеден аса залал келтірген. Қазір тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті облыстық Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп Жамбыл ауданында орналасқан ірі «майнинг» фермасын әшкереледі.

«Заңсыз әрекетті шетелдік инвесторлармен бірлесе отырып, бұрынғы мата фабрикасы болған «Қарғалы» АҚ аумағында жүзеге асырған. Белгілі болғандай, ұйымдастырушылар «майнинг» фермасын тоқыма өндірісі атынан тұтынылатын электр қуатының құнын жеңілдетілген тариф бойынша төлеген.

Тінту кезінде мамандар криптовалюта өндіру үшін ірі шифрлау кешені бар 2800-ден астам жабдық тәркіленді»,- делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті жариялаған хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, алдын ала бағалау бойынша мемлекетке 131 198 909 теңге мөлшерінде залал келтірілген.

«Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.



Соңғы жаңалықтар