Алматы облысында «ток ұрған» жігіт оқиғаның қалай болғанын айтып берді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында бағананың басында «тоқ соққан» маман оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаркент қаласындағы электр бағанындағы шамды ауыстыру кезінде аяғым тайып кетіп, қауіпсіздік белбеуіне ілініп қалдым. Есімнен танып қалыппын. Осы сәтте қасымдағы жігіттер демеп, жерге түсірген. Ес-түссіз жатқан сәтімде сол жердегі куәгерлер әлеуметтік желіге «тоқ ұрды» деп салып жіберіпті. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіме қайттым», - деді электр желісін жөндейтін маман Диас Сұлтанғазы.

Естеріңізге салсақ, Панфилов ауданының орталығы Жаркент қаласында 23 жастағы маманды бағана басында тоқ соғып, аман қалған болатын. Ең бастысы жәбірленушінің өміріне қауіп төнген жоқ. Қазір ол жұмысын жалғастыруда.





Соңғы жаңалықтар