Алматы облысында терроризмге қарсы шаралар жалғасуда

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында терроризмге қарсы операция жалғасуда. Арнайы қызметтер оның бірінші фазасын өткізді. ҚазАқпарат бұл туралы «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыс коменданты Серік Күдебаев халықты сабырлыққа шақырып, аса қажеттіліксіз үйден шықпауға кеңес берді. Талдықорғанға кіреберіс жолдарға блокпостар қойылды. Жүргізушілер өздерімен бірге жеке бас кәулігін және көлік құралының иесі екенін растайтын құжатты алып жүруі тиіс.

Өңір комендантының айтуынша, мемлекеттік тіркеу номерінсіз жүрген автокөліктерге қатаң шаралар қолданылатын болады.

«Қазіргі уақытта жағдай бақылауда. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Тұрғындардан жағдайға түсіністікпен қарауды, сабырлық сақтауды және үйде қалуды сұраймыз.

Облыс аумағында террористік қауіптің «қызыл» төтенше деңгейі енгізілгенін тағы еске саламын. Заңды талаптарға бағынбаған жағдайда құқық қорғау органдары табанды шаралар қабылдайтын болады, тіпті қару қолдануға дейін», - деді Серік Күдебаев.


Соңғы жаңалықтар