Алматы облысында тексерушілер 100 адам жиналған тойдың үстінен түсті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында карантинге қарамай қызмет көрсеткен кезекті мейрамхана әшкере болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бас санитар дәрігері қаулысының қолданыста болуына қарамастан көңіл көтеру орындары тарапынан санитарлық талаптардың бұзылуы жиі кездеседі. Осыған байланысты полиция қызметкерлері мен әкімідік өкілдерінен құрылған мобильді топ аудан аумағында орналасқан қоғамдық тамақтану орындарының, дәмхана мен мейрамханалардың карантин шектеуін сақтауы бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

«Бүгін Талғар ауданының полицейлері рейд барысында Бесқайнар ауылында орналасқан мейрамхананың бірінде үйлену тойы өткізіліп жатқанын анықтады. Мейрамхана карантин талаптарына қарамастан жұмысын еш кедергісіз жалғастырған. Анықталған дерекке қатысты жинақталған материалдар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін өкілетті органға жолданды», - делінген Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.


Өз кезегінде, Алматы облысының тәртіп сақшылары облыс тұрғындарына карантинді бұзғаны үшін жауапкершіліктің бар екендігін, санитарлық нормалар мен әлеуметтік ара қашықты сақтау қажеттігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар