Алматы облысында техникалық тексерудің жалған операторлары анықталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыртқы талдау барысында 4 жалған операторды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар 2021-2022 жылдары фотошопты пайдалана отырып, автокөліктердің

мемлекеттік нөмірлерін өзгертіп, жалған техникалық байқау жүргізген.

Жалған операторлардың қызметін мемлекеттік мекемелер, білім

беру объектілері және өзге де ұйымдар пайдаланған. Бұл ретте техникалық

байқау ешбір ғимаратсыз, аула-аумақсыз және жабдықсыз, онлайн форматта жасалғаны әшкереленді.

«Тергеу мәліметіне сәйкес, көлікті техникалық байқаудан өткізу үшін

25 минуттан аса уақыт жұмсалады. Орта есеппен, бір күнде оператор 30-ға

жуық көлікті тексере алады. Алайда, жалған операторлар күніне 50-ден

астам техбайқау өткізген», – деді облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

қызмет басшысының бірінші орынбасары Тимур Темірәлиев.

Сондай-ақ, Антикоррупциялық қызмет өңірде 25 техникалық байқау

өткізетін ғимараттардың мекен-жайы да жалған болып шыққанын

анықтады. Шын мәнінде техбайқау мекен-жайлары бойынша медициналық

орталық, косметология, сұлулық салон, дүкендер мен кафелер орналасқан.


Соңғы жаңалықтар