Алматы облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай кең көлемде байқау өтті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» атты кең көлемде шығармалар байқауы ұйымдастырылды. Шараға облыс бойынша 22 мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір мезетте облыстың барлық аудандарында өткен ауқымды шарада  үміткерлер түрлі жанр бойынша сынға түсті. Байқау шартына сәйкес қатысушылар жас ерекшеліктеріне байланысты 4 топқа бөлінді. Бірінші топ 7 мен 9 сынып, екіншісі 10 және 11 сынып оқушылары, үшінші топта  колледж білімгерлері, төртіншісінде  жоғары оқу орындарының студенттері,  зейнеткерлер, мемлекеттік және басқа да қоғамдық ұйым қызметкерлері бақ сынасты. Үздік шығарма иелері республикалық додада облыс намысын қорғайтын болады. Қазір жеңімпаз ретінде 15 адам анықталды.
null 

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мемлекеттік тілде жалпыреспубликалық шығармалар байқауы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен ұйымдастырылды. 

Соңғы жаңалықтар