Алматы облысында тауда жоғалған бала үш күннен бері іздестірілуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысының Жамбыл ауданында жоғалып кеткен баланы құтқарушылар 14 шілдеден бері іздестіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

2011 жылы туған Ернұр Сәдуақас Ынтымақ ауылының оңтүстік қапталындағы «Кіші саз» жайылымының таулы аумағында жоғалған.

«Тіркелген оқиғаға байланысты жедел-іздестіру тобы құрылған болатын. Іздеу жұмыстарына 108 адам мен 9 арнайы техника жұмылдырылды: олардың 42-і Жамбыл аудандық ІІБ қызметкерлері, 50-і Ұзынағаштағы 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, 16-ы Жамбыл аудандық ТЖБ қызметкерлері. Сонымен бірге, 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері іздеу жұмыстарына үйретілген итті де жұмылдырып отыр. Алайда жаңбырға және орманға химикаттар шашылғанына байланысты ізді таба алмады. Қазіргі таңда барлық маңай автокөлікпен де, атпен де тінтіліп жатыр. Іздестіру радиусы орман, тауды қосқанда 15 шақырымды қамтыды», - делінген хабарламада.

Әзірге іздеу жұмыстары ешқандай нәтиже бермей отыр. Бірақ, құтқарушылар барлық күш-жігерін жұмсауда. 

Соңғы жаңалықтар