Алматы облысында тауарлы-сүт фермасы мен жылыжай кешені ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Қарасай ауданында бірқатар нысандардың салтанатты ашылуына қатысты, деп хабарлады аймақ әкімдігінің сайтынан.

Осылайша, Елтай ауылдық округінің Исаев ауылында «Мадмар» шаруа қожалығының заманауи жылыжайы ашылды.

Аталған жоба «Бизнестің жол картасы-2020» және «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламаларының аясында іске асырылған.

Жаңа жылыжайдың аумағы 6 гектарды құрайды. Жобалық қуаттылығы - жылына 2 мың тоннаға дейін көкөніс өсіріледі. Бұдан басқа, жылыжай кешенінде инновациялық голландиялық технологиялар енгізілді.

Қошмәмбет ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның ашылуы да маңызды оқиға болды. Жаңа амбулатория заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жарық, жайлы ғимараттың ішінде ауыл тұрғындарына білікті медициналық көмек көрсететін барлық қажетті кабинеттер бар.

Аймақ басшысы А.Баталов 750 іріқара малға арналған жоғары өнімді сүт-тауарлық фермасы мен Кемертоған ауылындағы «Медеу Коммерц» прогрессивті технологиялар негізіндегі сүт өңдеу цехының салтанатты ашылуына қатысты. Аталған жоба «Агробизнес-2020» бағдарламасының аясында іске асырылып, аймақтық Индустрияландыру картасына кіреді.

«Медеу Коммерц» ЖШС директоры Әділ Медеуовтың айтуынша, ферманың жобалық қуаттылығы - жылына 4,8 мың тонна сүт өнімдері, бұл ретте болашақта шикі сүт өндірісін тәулігіне 14 мың литрге дейін, ал сиыр етін - орташа алғанда жылына 72 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Жаңа жылыжай мен тауарлы-сүт фермасы Алматы қаласының азық-түлік белдеуін дамыту бағдарламасына кіретінін атап өткен жөн.

Соңғы жаңалықтар