Алматы облысында тау бөктерінен көне кітаптар табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында тау бөктерінен көне кітаптар табылды. Құнды дүниелер  осыдан 100-120 жыл бұрын басылып шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

null

Алакөл ауданындағы Еңбекші ауылы маңынан табылған кітаптардың  саны -жетеу.   Көпті елең еткізген  заттарды  алғаш тапқан Еңбекшілік жасөспірімдер. 1 мамырда көкке шығып, көп қазына үстінен түсіпті.

null

«Жуа теріп жүріп, таудың жоғары жағына шықтық. Сол сәтте күнге шағылысып жатқан кітаптардың беттерін көрдік. Арабша жазылған болғандықтан, құран кітабы екен деп ойладық. Бірден ауылға барғанда мұғалімге айттық. Содан кейін бірге барып, таудың бөктерінде жатқан кітаптарды қазып алып, ауылға әкелдік», дейді  Еңбекші орта мектебінің оқушысы   Ернат  Құдайберген.

null 

Кітаптардың бірі 1898 жылы Санкт-Петербургтегі «Император», енді бірі -1902 жылы Қазандағы әйгілі Кәрімовтер баспасынан шығыпты. Ғасыр өтсе де, жазулары өшпеген. Имамдар оқып, атауларын тізімдеген. Үш кітап "Жұмақтың кілті", "Шариғат жолы", және "Хабарсыздарды ояту" деп аталады екен. Құнды діни дүниелерді тау ішіне "қызыл ойран" тұсында жергілікті имамдар тыққан деген болжам жасалып отыр. Құнды кітаптар қазір орталық мешітте сақтаулы.

null 

null

Соңғы жаңалықтар