Алматы облысында тағы бір ауданға жаңа әкім тағайындалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Талғар ауданына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, аудандық мәслихат депутаттарының қолдауы бойынша Талғар ауданының әкімі болып Сәтбаев Рыскелді Ахметқалиұлы тағайындалды», - деді облыстық баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында жаңадан екі ауданның - Кеген және Райымбек аудандарының әкімдері тағайындалған болатын. Жаңа аудандар Райымбек ауданын бөлу жолымен құрылған еді. 

Соңғы жаңалықтар