Алматы облысында «Таблиғи жамағат» ұйымының мүшесі сотталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында Қарасай ауданы сотының шешімімен «Таблиғи жамағат» ұйымының мүшесі бір жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушы ҚР ҚК 405 бабы 2-ші бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Яғни, А есімді азамат  тыйым салынған «Таблиғи жамағат» ұйымында мүшелікте болып, Алматы облысының  аумағында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізгені үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кету керек, «Таблиғи жамағат» ұйымын 2013 жылы Астана соты Қазақстан аумағындағы  «экстремистік» ұйым деп таныған болатын.

Соңғы жаңалықтар