Алматы облысында сусыз қалған елді мекендердің мәселесі шешілді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Қарасай және Талғар ауданындағы ауыз су мәселесі  толықтай шешілді. Халық ауыз сумен қамтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, қатты аяз салдарынан Қарасай ауданына қарасты Жаңатұрмыс, Қырғауылды ауылдары және Талғар қаласының халқы ауыз сусыз қалғанын хабарлаған болатынбыз. Судың тапшылығына қатты аяз себеп болған. Су тау өзендерінен алынады. Ал өзендерге мұз қатып, су жеткізу жұмысы қиындаған болатын.

«Қазіргі жағдайда ауыз су мәселесі толықтай шешілді. Мұндай жағдай қайталанбас үшін екі бригада жұмыс істеп жатыр», деп мәлім етті Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Соңғы жаңалықтар