+7 (701) 759 90 19
USD 421.91 EUR 511.57
RUB 5.59 CNY 65.2
Jańalyqtar

Алматы облысында судың жетіспеуіне байланысты жер толық игерілмей отыр

2020 жылғы 29 қараша 17:52
Бөлісіңіз:
Алматы облысында судың жетіспеуіне байланысты жер толық игерілмей отыр

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Алакөл ауданында судың жетіспеуіне байланысты жер толық игерілмеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаев Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа өңірдің әлеуетін одан әрі тиімді пайдалану мақсатында бірқатар мәселені шешу қажеттігін жеткізді.

Мәселен, ауданда жалпы 41 мың гектар суармалы егістік көлемі бар. Бүгінгі күнге соның 31,5 мың гектары немесе 75,6 пайызы ғана пайдаланылып, судың жетіспеуіне байланысты толық игерілмей отыр.

Осыған байланысты шаруашылық су жүйелерін жөндеп, Жаманты өзені бойынан су қоймасын салу қажет.

Облыстан қолдау болса, Лепсі ауылында спорттық сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізу, Ақшидегі «Жалын» балалар лагерін қайта жаңғыру жоспарда бар.

Сол сияқты 900 млн теңгеге туризмді дамытудың негізгі нүктесі саналатын Көктұма және Ақши ауылдарында электр желісінің құрылысын жүргізу қажет.

Қабанбай ауылында және Үшарал қаласында тұрғын үй құрылысына, аудан орталығында 250 орындық аурухана, Халыққа қызмет көрсету орталығын салуға қолдау қажет.

Осы және өзге де әлеуметтік-экономикалық саладағы бірқатар түйінді мәселелерді баяндаған аудан әкімі Ә.Жақанбаевтың ұсыныстары облыс басшысы тарапынан қолдау тауып, тиісті қаражат бөлінетін болды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT